Табаны тартылып бара жатқан көлдің су деңгейі көтеріліп келеді
Табаны тартылып бара жатқан көлдің су деңгейі көтеріліп келеді
6 жыл бұрын 3818 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылыну мен оның салдарынан орын алған климаттың өзгеруінен Иранның солтүстік-батысында табаны тартыла бастаған Урмия көлінің су деңгейі көтеріліп келеді. Бұл жағдай су тапшылығының салдары мен зардабын тарта бастаған Иранның экологиялық ахуалына оң әсерін тигізбек. Өткен жылғы деңгейге қарағанда Урмия көлінің су деңгейі ақпан айында 32 сантиметрге көтерілген. Урмия көлін қалпына келтіру жөніндегі штаб жетекшісі Фархад Сархош бұл қуанышты жаңалықпен бөлісе келе аталмыш көлдің су деңгейі көл тартыла бастаған кезде тіркелген ең төменгі деңгейден 67 см-ге көтерілгенін жеткізді. Бұл жайында IRNA ақпарат көзі хабар таратты. Қазіргі уақытта көлдің алып жатқан аумағы 2219 шаршы шақырымды құрайды. Көлдің көлемі өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 375 шаршы шақырымға ұлғайған. Бұған жауын-шашынның мол түсуі мен бөгесіннен бөлінген су себеп болған. Урмия көлі аймағындағы жауын-шашын өткен жылғығы қарағанда 55% көп болған. Аталмыш көлді құтқару науқасы 2011 жылы қолға алынған болатын. Белгіленген жоспарға сәйкес көлдегі су деңгейі он жыл ішінде қалыпты арнасына келуі тиіс болатын. Бұл көл 2001 жылдан бастап тартыла бастады. Халықаралық су ресурстарына қатысты статистикалық дерек бойынша 2015 жылы Урмия көлі су қорының шамамен 80%-нан айырылған еді. 

0 пікір
Мұрағат