Сусамырдан діңгекті жасушаларды трансплантациялау арқылы емдеп жазды
Сусамырдан діңгекті жасушаларды трансплантациялау арқылы емдеп жазды
8 ай бұрын 624 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ширек ғасыр, дәлірегі, 25 жыл бойы 2 типті қант диабетімен ауырған 59 жастағы шанхайлық ер адам бірегей операцияның арқасында ауруды жеңіп шықты. Дәрігерлер діңгекті жасушалардан алынған ұйқы безінің аралшықтарын трансплантациялады, Осылайша әлемдегі осындай жолмен емдеудің алғашқы процедурасы сәтті аяқталды. Бұл жайында islam.kz порталы bigasia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұған дейін білікті мамандар донорлардың ұйқы безі тінін трансплантациялау арқылы қант диабетінің ауыр түрлерімен күресуді ұсынған болатын. Дегенмен, донорлық жасушалардың жетіспеушілігі және оларды алудың қиындығы бұл әдісті кеңінен қолдануға үлкен кедергі болып келген еді. Шанхай дәрігерлері ерекше әдісті қолдана алды: олар пациенттің өз жасушаларын пайдаланып, оларды діңгекті жасушаларға қайта бағдарламалады және кейіннен трансплантациялау үшін зертханалық ортада ұйқы безінің аралшық тінін қалпына келтірді. Қытай дәрігерлерінің технологиялық тәсілінің арқасында пациент 33 айдан астам инсулин терапиясын қажет етпеді.

0 пікір
Мұрағат