Сумен жүретін электр көлігі құрастырылады
Сумен жүретін электр көлігі құрастырылады
2 жыл бұрын 1932 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Швейцариялық nanoFlowcell компаниясы автомобил нарығында төңкеріс жасағысы келеді және теңіз суымен жүретін көлік құрастыруда. Бұл жайында islam.kz порталы nanoflowcell.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа көлік 1000 шақырымға жуық қашықтыққа дейін жүреді. Бұл көрсеткіш электр көліктері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Quantino twentyfive электр көлігі зарядтауды қажет етпейді. Бұл төрт орынды спорттық көлік, ол 108 а.к. қозғалтқышымен жабдықталған және небәрі 5 секундта сағатына 0-ден 100 шақырым жылдамдыққа жетуге қабілетті. Ең жоғары жылдамдығы сағатына 200 шақырымды құрайды. Бұл электр көлігі стандартты емес ағынды сұйық аккумулятормен жабдықталған. Ол оң және теріс электролитпен толтырылған 160 литрлік екі резервуардан тұрады. Ол кәдімгі тұзды теңіз суы негізінде дайындалады. Инженерлер сұйықтықтардың жанасуы электр тогын шығаратын реакцияға әкелетінін айтты. Ол суперконденсатордың көмегімен электр қондырғысын қоректендіреді.

0 пікір
Мұрағат