Суицид қатері жоғары мамандық аталды
Суицид қатері жоғары мамандық аталды
3 жыл бұрын 1378 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдардың мәлімдеуінше, өз-өзіне қол жұмсау деңгейі өткен жылғы көрсеткішке қарағанда фармацевтер арасында тым жоғары. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Journal of the American Pharmacists Association мезімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Суицид әлемдегі өлім-жітім себептерінің арасында жетінші орында тұр. Жыл сайын күллі әлемде шамамен 700 мың адам өз-өзіне қол жұмсап, дүниеден өтеді. 1999-2017 жылдар аралығында АҚШ-тағы суицид деңгейі жүз мың тұрғынға шаққанда 10,5-тен 14-ке дейін өскен. Яғни, жылына 14 америкалық азамат суицидтен көз жұмады. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, суицид медицина қызметкерлері арасында өте жоғары. Басқа мамандық иелерімен салыстырғанда. Ал соың ішінде дәрі-дәрмек өндірісінде, яғни, фармацевтикада істейтіндер арасында бұл көрсеткіш тым жоғары болып тұр. Мұның сыры осы уақытқа дейін жұмбақ болып келген еді. Калифорния университетінің ғалымдары бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізіп көрген екен. Ғалымдар 2003-2018 жылдарды қамтыған Ауруларды баққылау және алдын алу жөніндегі орталықтың (NVDRS) зорлықпен өлгендер туралы есебінде келтірілген деректерді сараптамадан өткізген. АҚШ-тың 39 штатын қамтыған ақпаратта суицидтердің сипаттамасы, соның ішінде өз-өзіне қол жұмсап өлгендердің кәсібі сияқты сипаттамалар бар. Зерттелетін кезеңде NVDRS жүйесі фармацевттердің 316 суицидін және халықтың басқа топтары өкілдері арасында 213 146 суицидтік өлім жағдайын тіркегені белгілі болды. 316 фармацевттің 75 пайызы ер адамдар болса, 85 пайызы ақ нәсілділер. Орташа жасы 53,5 жасты құрады (салыстыру үшін: суицидке барған басқа адамдардың орташа жасы 49 жасты құрады). Ғалымдардың айтуынша, 100 000 фармацевттің 20-сы өз-өзіне қол жұмсайды, ал басқа халық топтарының 100 000 өкілдерінің 100 000 адамға шаққанда тек 12-сі өз-өзіне қол жұмсайтын болып шықты.

0 пікір
Мұрағат