Суды нанопластиктен тазарту технологиясы пайда болды
Суды нанопластиктен тазарту технологиясы пайда болды
9 ай бұрын 1224 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Канададағы Ватерло университетінің ғалымдары ластанған суды зиянды нанопластиктен 90 пайыздан аса тиімділікпен тазартатын технология ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Separation and Purification Technology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тарапта термиялық жолмен ыдырату деп аталатын процесті қолдана отырып, эпоксидті шайырды нанопластиктерді жоюға қабілетті белсендірілген көмірге айналдырды. Дәлірегі, ластанған суды нанопластиктерден 94 пайыз тазарту технологиясының негізінде белсендірілген көмірмен аулау тәсілі жатыр. Содан кейін материал полиэтилентерефталаттан жасалған нанопластика өндірісімен ластанған суды тазарту үшін сынақтан өтті, бұл пластик су құтыларында жиі қолданылатын полиэстер түріне жатады. Осы орайда нанопластик көлеміне байланысты микропластикке қарағанда денсаулыққа әлдеқайда қауіпті екенін айта кеткіміз келеді. Нанопластик  адам мен өзге тіршілік иелерінің жасушаларына ене алады әрі оны анықтау өте қиын.

0 пікір
Мұрағат