Суасты кемісінің координатын анықтайтын технология пайда болды
Суасты кемісінің координатын анықтайтын технология пайда болды
1 жыл бұрын 1344 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай әлем бойынша алғаш рет суасты кемесін табудың жаңа буынға жататын коммуникациялық технологияға негізделген құрылғысын сынақтан өткізе бастады. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, терагерлік немесе трагерцті радар сынағы Сары теңізде өтіп жатыр. Аталмыш құрылғы амплитудасы 10-нан 100-ге дейінгі сигналды аулай алады. Бұрын мұндай әлсіз ауытқуды теңіз толқындарының қозғалысынан тану мүмкін емес болатын. Технология төмен жиіліктегі тербелістерді пайдалана отырып, суасты кемесі мен ілеспелі әуе топтары арасындағы байланыс мүмкіндіктерін ұлғайта алады. Бұл тербелістерді ұшақта орнатылған терагерц сенсорлары арқылы оқуға және шешуге, яғни, анықтауға болады. Терагерц сәулесі микротолқынды және инфрақызыл спектр арасындағы аралық диапазонда болады. Соңғы жылдары қытай ғалымдарының терагерц сәулеленуіне негізделген технологиялардың ауқымын кеңейтіп келе жатқанын айта кету керек. Мәселен, Қытайдағы кейбір әуежайларда терагерц сенсорлары шекаралық бақылауда тыйым салынған заттарды анықтау үшін сәтті қолданылып келеді.

Ұқсас материал:

"Суасты кемесін іздеуге арналған дронды тікұшақ құрастырылады" (https://islam.kz/kk/news/arturli/suasty-kemesin-izdeuge-arnalgan-drondy-tikushaq-qurastyrylady-video-17169/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат