Суасты дроны бактериялар сияқты шашақтарының көмегімен қозғалады (видео)
Суасты дроны бактериялар сияқты шашақтарының көмегімен қозғалады (видео)
10 күн бұрын 899 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Мұндай дрондар теңіз түбін суастында тіршілік ететін жануарларға зиян тигізбей зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы Soft Robotics мерзімсді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ерекше робот 12 қармауыш секілді шашақтарының көмегімен кез келген бағытқа жылжи алады. Мұндай шашақ әдетте микробтарға қозғалуға мүмкіндік беретін бактериялардың көбісінде кездеседі. Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Халиф университетінің машина құрастырушы инженері Ануп Тижо Метиудың айтуынша, биологиялық қозғалтқыш секілді әрекет ететін ұзын құрылым бактерияларға тепе-теңдігін сақтауға қозғалуға, бір орнында қалуға, яғни, ығып кетпеуге мүмкіндік беретін күш ретінде сипатталады. ZodiAq суасты дронының ені 20 сантиметр, ал шашақтарының ұзындығы 30 см жетеді. Әр шашығының ұшына элекрлі қозғалтқыш орнатылған. Дронның ішінде Raspberry Pi микро компьютер бұйрығымен қозғалады. Сондай-ақ, айрықша дрон теңіз тереңдігінғ ағыс қарқынын өлшеуге әрі теңіз бетіндегі толқын дыбысы арқылы компьютермен дерек алмасуға мүмкіндік беретін акустикалық модеммен жабдықталған. Робот өзінің көлеміне сәйкес қашықтықты еңсеруіне 15 секунд кетеді. Қазіргі уақытта ғалымдар шашақтарын қармауышқа айналдыру бағытында жұмыс істеп жатыр. Қандай да бір затты ұстап көру үшін. Бұл зерттеуді тереңдетуге мүмкіндік береді.

 

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4