Су ресурсын жөнсіз пайдаланудан жер еңісінің өзгергені анықталды
Су ресурсын жөнсіз пайдаланудан жер еңісінің өзгергені анықталды
1 жыл бұрын 1219 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Alexander Gerst / ESA via Getty Images

Су ресурсын шектен тыс пайдалану, соның ішінде жерастынан айдап шығарып, басқа өңірге ауыстыру салдарынан жердің еңісі соңғы 17 жыл ішінде шығысқа қарай 80 сантиметрге өзгерген. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Сеул ұлттық университетінің зерттеу нәтижесіне жөн сілтеген Geophysical Research Letters мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Климат моделі мен есеп нәтижесі көрсеткендей, 1993-2010 жылдар аралығында адамзат жерастынан жер бетіне 2150 гигатонна су шығарған екен, бұл шама әлемдік мұхитқа құйғанда оның деңейін алты миллиметрге көтергенмен бірдей су мөлшеріне тең. Судың белгілі бір бағытқа ауысуынан оның салмағы да сол бағытқа ауысады. Дәлірегі, су ауысқан жердің аймағының салмағын арттырады. Осының салдарынан жердің айналуы өзгереді. Су ресурсының едәуір бөлігі Солтүстік Американың батыс бөлігіне, Үндістанның солтүстік-батысына және жердің орташа ендігіне ауысқан.

0 пікір
Мұрағат