Су мен құмнан өзге тағы басқа қандай ресурстардың таусылып бара жатқаны айтылды
Су мен құмнан өзге тағы басқа қандай ресурстардың таусылып бара жатқаны айтылды
9 ай бұрын 807 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жер қойнауындағы ресурстарды өндіру қарқыны экологиялық дағдарысқа ұрындырады: климат өзгерісі тереңдеп, биологиялық әралуандылық жұтайды. Десе де тоқтаусыз өндіру мен тұтыну салдарынан шапшаң таусылып бара жатқан ресурстарды үнемдеуге шақырып отыр экологтар мен ғалымдар. Бұл жайында islam.kz порталы "Styler" жобасының дерегіне жөн сілтей отырып мәлім етеді. Ондай ресурстардың біріне гелий жатады. Ғаламда кеңінен тараған газ болса да (екінші орында) оның жердегі қоры шектеулі. Африка құрлығынан, дәлірегі, Танзания аумағынан жаңа қоры табылғанымен гелий сирек кездесетін ресурсқа жатады. Ол медициналық диагностика мен микрочип өндірісіне аса қажетті ресурс. Одан кейінгі орында ауыл шаруашылығы мен болат балқытуда маңызы зор фосфор қоры да тек бірнеше ондаған жылдарға жетеді. Шексіз ресурс секілді көрінетін құм да (құрылысқа жарайтыны) тапшы ресурстардың біріне айналады. Оның тапшылығы мұнай мен газдан да асып түспек. Өнеркәсіп пен медицинаға қажетті, табиғатта сирек кездесетін элементтерге де таусылу қаупі төніп тұр. Ал адамзатқа ең қажетті су ресурсы (жер бетінің 71%-ы су боолса да) да тапшы ресурсқа айналып үлгерді. Адамзат тұтынатын, яғни, пайдалануға жарайтын судың қоры тез сарқылып барады. Бұл тығырықтан шығудың екі жолын ұсынып отыр: үнемдеп пайдалану және технология. Бұдан бөлек, адамзаттың қоршаған орртаға деген терең мәдениетін қалыптастырудың маңызы зор.

0 пікір
Мұрағат