Су бетінде жүретін велосипед жасалды (видео)
Су бетінде жүретін велосипед жасалды (видео)
7 жыл бұрын 9427 bag.kz

Жаңа Зеландияның Manta5 стартапы су бетінде жүретін Hydrofoiler XE-1 велосипедін ойлап тапты. Аталған велосипед «үзеңгілер» немесе электр қуаты күшімен қозғала алады. 

Велосипедтің су бетінде еркін қозғалуға көмектесетін үш қанаты бар. Осы қанаттар жоғары жылдамдықпен қозғалуға мүмкіндік береді. Инженерлердің есептеуінше, салмағы 100 кг болатын адам екпін алу үшін «үзеңгіні» 16 рет айналдыруы тиіс.

Hydrofoiler XE-1 оңай кішірейіп, кез келген көліктің жүксалғышына сыйып кетеді. Велосиедтің барлық бөлшегі IP67 стандартына сәйкес жасалған. Сол себепті, олардың сапасына алаңдамауға болады.

Аталған велосипед алғаш 2018 жылдың ақпан айынан бастап сатылады. Әзірге нақты бағасының қанша болатыны белгісіз. Slashgear агенттігінің хабарлауынша, гидробайктың құны 6-8 мың доллар болуы мүмін.

0 пікір
Мұрағат