Су астынан балық аулауға көмектесетін видеодрон (фото+видео)
Су астынан балық аулауға көмектесетін видеодрон (фото+видео)
4 жыл бұрын 3563 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың суасты дрондарын құрастырумен айналысатын Chasing Innovation компаниясы балық аулауға көмектесетін Fish Finder Chasing F1 дронын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл шағын құрылғы қалта телефонына жүктелген арнайы қосымша арқылы 30 метр қашықтан Wi-Fi арқылы басқарылады. Fish Finder Chasing F1 дронға бір орнында айналуына, сондай-ақ, барлық бағытқа жылжуына мүмкіндік беретін төрт қозғалтқышпен жабдықталған. Бұған қоса, ол гидролокаторды немесе алыстан белсендірілетін тұзақты тіркеп, өзімен бірге алып жүре алады. Ашық-сары түсі оны су бетінен көруге мүмкіндік берсе, GPS-трекер қосымшадаға картадан көруге мүмкіндік береді. Wi-Fi диапазонынан тыс жерде оны автоматты түрде кері қайтуы үшін GPS пайдаланылады. Балықты іздеу үшін құрылғының төменгі жағындағы 1080р/30fps дейін көруге мүмкіндік беретін камераны іске қосу керек. Электр кабелге жалғанғанда ол 28 метр тереңдікке дейін бара алады. Аталмыш құрылғы, сонымен қатар, балықтың бар-жоғын көрсетуден өзге смартфон экраны арқылы судың тереңдігі мен температурасын көрсетеді, ал қараңғыда суретке түсіру кезінде инфрақызыл сәуле көзі белсендіріледі. Fish Finder Chasing F1 сыйымдылығы 4800 мАч болатын литилік батареямен жұмыс істейді. Оның қуаты 4-6 сағатқа жетеді. Дронның қазіргі бағасы – 700 доллар.

Дрон Chasing Innovation

 

0 пікір
Мұрағат