Су астына сүңгіп қоймай, оның үстімен ұшатын «реактивті» қайық құрастырылды (видео)
Су астына сүңгіп қоймай, оның үстімен ұшатын «реактивті» қайық құрастырылды (видео)
2 жыл бұрын 2078 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Jet Shark (ағылшыншадан аударғанда реактивті акула мағынасын береді) нұсқасының барынша жылдамдығы шамамен сағатына 89 шақырымға жетеді. Алты адамға шақталған. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дельфин мен акуланың жүзу қозғалысын салатын жаңа Jet Shark қайығы желбезек ұшынан тереңірек емес тұсқа дейін сүңгиді. Jet Shark Q корпусы негізінен шыны талшықтан жасалған, маңызды бөлшектер үшін көміртекті талшық қолданылады. 420 ат күші бар Kodiak Marine қозғалтқышымен жұмыс істейтін реактивті ұшақтың толық прототипі. Бұл - жаңа буынға жататын Corvette 6.2л V8 қозғалтқышының теңіз нұсқасы. Болашақ моделдердегі қозғалтқыш қуаты 600 ат күшіне тең болмақ. Jet Shark негізін қалаушы прототиптің максималды жылдамдығы – сағатына 72 шақырым, ал коммерциялық нұсқасы – сағатына 89 шақырым жылдамдықпен жүзетінін алға тартып отыр. Қазіргі уақытта Jet Shark әлі құрастырылу үстінде және модел нарыққа шығарылғанға дейін бірнеше кезеңді қамтитын тестілеу мен сертификаттауды қажет етеді. Дегенмен, компания тапсырыстарды 2024 жылдың басынан бастап қабылдауды жоспарлап отыр. Алдын ала баға - 250 000 доллардан 300 000 долларға дейін болады

0 пікір
Мұрағат