|
Студенттер құрастырған, сутегімен жүретін автокөлік бір қуаттағанда рекордтық қашықтықты бағындырды (видео)
|
Германияның Делфт технологиялық университетінің (TU Delft) студенттері сутегімен жүретін Eco Runner XIII автокөлігінің тәжірибеге арналған үлгісі әлемдік рекорд орнатты. Сынақ кезінде ол бір қуаттағанда (950 г сутегі) сағатына 45 шақырым жылдамдықпен 2488 шақырым жол жүрген. Бұл жайында islam.kz порталы ecorunner.nl ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Eco Runner – 2005 жылдан бері TU Delft студенттері құрастырып келген, тәжірибеге арналған көліктер топтамасы. Автокөліктің бірінші тәжірибелік нұсқасы (Eco1) сол жылы 1 литр жанар-жағармаймен қашықтықты бағындырудан рекорд орнатты - 557 шақырым. Көп ұзамай дизелді отынды экологиялық жағынан таза сутегі отынымен алмастырылды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Иран алғаш рет жасырын, реактивті жойғыш дронын ұшырды (видео)