Стрестің жұқпалы екендігі анықталды
Стрестің жұқпалы екендігі анықталды
3 ай бұрын 603 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Талай жылғы зерттеуден кейін ғалымдар стрестің жұқпалы болуы мүмкін екендігі ескертті. Бұл бағытта Дария Кузмина есімді ғалым Германияда бұл гипотезаны растайтын тәжірибе жүргізілгенін атап өтті. Бұл жайында islam.kz порталы nnovgorod.bezformata.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы тәжірибе барысында стреске түскен адамды бақылаған адамның да мазасы қашатыны белгілі болды. Бұған қоса, стресс деңгейі «бақылаушы» мен «бақыланушы» таныс болса, одан ары артатыны да анықталды. Дегенмен, пайдалы стресс - эустресс барын да ескерген жөн: организмді тас-түйін жұмылдыра алады. Дегенмен, оны жиі бастан кешірген адамның ақыр соңында мазасы қашуы мүмкін.  Күйзеліске ұдайы бой алдыру пен алаңдаушылық созылмалы аурулардың немесе психологиялық ауытқулардың өршуіне әкелуі ықтимал.

 

0 пікір
Мұрағат