Stellantis педалдарды қажет етпейтін жаңа автокөлік рулін патенттеді
Stellantis педалдарды қажет етпейтін жаңа автокөлік рулін патенттеді
4 ай бұрын 750 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Stellantis корпорациясы көлік  жүргізушінің педалдарды қажет етпейтін рулдік жүйенің жаңа түріне патент алуға өтінім берді. Барлық басқару ұшақтың рулін еске түсіретін бақылаушыға шоғырланған. Көліктің жүрісін жеделдету үшін жүргізуші оны итерсе жетіп жатыр, ал тежеу ​​үшін - өзіне қарай тартады. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Десе де сарапшылар мұндай өзгешелікке күмәнмен қарайды:и қозғалыс кезінде инерциялық күштер пайда болады, бұл жүргізушінің тежеуіне немесе қажетті уақытта жеделдетуіне жол бермейді. Екінші жағынан, мұндай тәсілді енгізу өз кезегінде шектеулі адамдарға күрделі және қымбат жабдықты орнатпай-ақ көлікті пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, патенттелген механизмді жетілдіруге болады. Мысалы, оны тек «қолмен басқару» режимінде іске қосу үшін түймені басу арқылы басқаруға ештеңе кедергі келтірмейді. Stellantis өзінің барлық жаңа көліктерінде автопилот болатынын мәлімдеді, сондықтан басқарудың жаңа түрін жасау және оған патент алу түсінікті. Әрине, патентке өтінім беру фактісінің өзі аталған компания айрықша жүйені бүгін-ертең енгізеді дегенді білдірмейді, дегенмен, бұл әдістің келешегі зор бағытты көрсететінін ешкім жоққа шығара алмайды.

Анықтама үшін: Stellantis корпорациясы Fiat және Chrysler сияқты автокөлік «шортандарының» негізгі корпорациясы ретінде алға шығады. Ол көптеген автокөлік брендтерін басқарады, олардың ең танымалдары - Dodge, Alfa, Peugeot және Jeep.

Руль Stellantis

0 пікір
Мұрағат