Стадион көлеміндей күн стансасын бір күннің ішінде жинап алуға болады (видео)
|
Инженерлер 1 МВт-тан астам қуат беретін және бір күнде іске қосылатын жиналмалы күн массивін (батареясын) әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Австралиялық 5B компаниясы топсалы, яғни, жиналмалы күн панелін жасап шығарды. Үш адамнан тұратын команда бір күнде қуаттылығы 1,1 МВт болатын футбол алаңының аумағын қамтитын массивді орналастыра алады. Қажет жағдайда құрылғыны оңай және жылдам жылжытуға болады. 5B зауытта «Maverick» блоктарын жинайды, оның ішінде 40-тан 90-ға дейін үлкен күн панелдері бар. Ұяшықтардың қатарлары екі шетінен топсалы, бұл ерекшелік оларды тасымалдау контейнеріне бүктеп жинауға мүмкіндік береді. Аталмыш компания кабелді қажет етпейтін мұндай құрылғыны бүкіл әлем бойынша жалпы өндіру қуаты 60 МВт-тан асатын 100-ден астам учаскеге енгізді және жобаны одан ары дамытуды жоспарлап отыр. BP Ventures венчурлық компанияның директоры Жонатан Стоунның айтуынша, инновациялық 5B күн технологиясы электр энергиясына деген өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға көмектесе отырып, арзан энергия өндіруді жылдам қамтамасыз ете алады.