Сотталушылардан бұрын түрме қызметкерлерінің өзі эkстремистке айналу қаупі бар
|
Орта Азиядағы "Түрме реформасы" деп аталатын халықаралық гуманитарлық ұйым өкілі Азамат Шамбилов ешкімнің ойына келе бермейтін қауіптің шетін шығарып, оқыс мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Орта Азиядағы эстеремистер жазасын өтеп жатқан түзету мекемелерінде жүргізіліп жатқан қайта тәрбиелеу жұмыстары көңіл көншітпейді. Сол себепті, аталған аймақтағы түрме қызметкерлерінің өзі экстремистке айналып кету қаупі бар. Экстремистік идеяның індет секілді тез таралатынын ескерген сарапшы түрме қызметкерлерінің әлеуметтік тұрғыдан аз қорғалуы оларды экстремистке айналдыруы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Және ол бұл қаупінің негізсіз емес екенін Қырғызстанда, Өзбекстанда және Тәжікстанда түзету мекемелері қызметкерлерінің басынан ондай жағдайдың өткенін алға тарта отырып, жеткізді. Яғни, қауіпсіздік күштерінің, соның ішінде, ішкі істер мен қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің, прокуратура өкілдерінің экстремистердің жетегіне еріп кеткенін айғақтайтын фактліредің барын жасырмады. Сарапшы ол үшін орган адамдарының ерте радикалдануының алдын алудың маңызына тоқталды.