Соққы берумен жұмыс істейтін принтер саз лақтырғышты ату арқылы ғимараттарды басып шығарады (видео)
|
Лорен Васи есімді доктор мен швейцариялық ETH Zurich университетінің әріптестері құрылыс принтерінің жаңа нұсқасын әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол конструкцияларды салудың инновациялық әдісін қолданады - қабырғаларға арналған материал саптама арқылы сығымдалмайды, аздаған бөліктерде лақтырылады. Сонымен қатар, ол цементті қамтымайтын, яғни, құрамында цемент кездеспейтін мүлде басқа материал. Бетонға арналған цемент өндірісінің негізгі кемшіліктері - энергия көп мөлшерде тұтынады және атмосферағазиянды заттарды көптеп бөледі. Осылайша, швейцариялық команда саз, лай және қазба қоқыстарына негізделген бетонның экологиялық баламасын әзірледі. Оның өндірісі Eberhard AG әзірлемелеріне негізделген. Жұмыс кезінде принтер тігінен төмен қарай секундына 10 метр жылдамдықпен саз кесектерін лақтырады. Соққы күші олардың арасындағы адгезияны қамтамасыз етеді, яғни, жабыстыру арқылы берік байланыстырады және басып шығару процесі жүріп жатқанда түйіршіктер бір бүтінге жиналады. Мұндай қабырғаның сыртқы беті біркелкі емес, сондықтан өңдеуді, яғни, тегістеуді қажет етеді, десе де оны тікелей басып шығару кезінде жасауға болады, өйткені, бетоннан айырмашылығы - материал қатаюы үшін біршама үзіліс қажет болмайды. Қазіргі уақытта ғалымдар күрделі құрылым соғу үшін сазды түрлі бұрыштан ату (лақтыру) тәжірибесін жүргізуде. Принтердің өзі экскаватордың немесе кранның жебесінде орнатылған автономды модул түрінде болады. Бұл технология үй құрылысын айтарлықтай жылдамдатып, ауаның ластануын азайта алады.