Соңғы 50 жылда Жердің қанша атом бомбасына тең энергия сіңіргені белгілі болды
Соңғы 50 жылда Жердің қанша атом бомбасына тең энергия сіңіргені белгілі болды
2 жыл бұрын 1247 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жарты ғасыр ішінде Жер сіңірген энергия мөлшері атмосфераға бөлінген жалпы парниктік газдардың тек 60%-ын құрайды. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Earth System Science Data мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тауяда бұл тарапта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, соңғы елу жылда жаһандық жылынудан атмосферада 25 млрд атом бомбасына тең энергияның орасан зор мөлшері пайда болған. 1971 және 2020 жылдар аралығындағы жаһандық жылыну кезінде сақталатын энергияның жалпы деңгейі шамамен 380 цеттажулды құрайды, бұл көрсеткіш 380 000 000 000 000 000 000 000 джоулге тең. Бұл энергия мөлшерін тереңірек түсіну үшін Австралиядағы Мелбурн университетінің екі климатологы Эндрю Кинг және Сиднейдегі Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің қызметкері Стивен Шервуд оны 1945 жылы Жапонияда америкалықтар жарған атом бомбасының қуатына теңдес немесе байланысты ядролық қарудың қуатымен салыстырып көрген екен. Олар жаһандық жылыну кезінде жинақталған энергия мөшері ядролық бомбаның жарылуынан бөлінетін энергиядан 25 миллиард есе көп деген қорытындыға келді. Осынша энергиядан жер температурасы тіршілікке жарамсыз деңгейге жоғарылуы тиіс болатын, алайда, мұхиттар энергияның шамамен 89% (338,2 зеттагул), құрлық - 6% (22,8 зеттагул), ал криосфераның еруі - қар, теңіз мұзы, мұздықтар және т.б. мұздың түрлері – 4% (15,2 зеттагул) энергияны сіңіріп, жердің қызып кету қатерін азайтуда. Атмосферада энергияның тек 1% (3,8 цеттагул) қалады. Осылайша, мұхиттар жаһандық жылынудың бетін қайтарып, адамзат пен өзге де тіршілік иелерінің аман қалуына себеп болып отыр.

0 пікір
Мұрағат