Смартфонға жанасу арқылы Брайл қарпін оқуға мүмкіндік беретін құрылғы жасалды (видео)
Смартфонға жанасу арқылы Брайл қарпін оқуға мүмкіндік беретін құрылғы жасалды (видео)
10 күн бұрын 581 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Northwestern University

Америка құрама штаттарының солтүстік-батыс университетінің ғалымдары VoxeLite деп аталатын бірегей, инновациялық құрылғы ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ерекше құрылғы саусақ ұшына киіледі және смартфон экранымен жанасқанда оның беткі жағын сезінуге мүмкіндік береді. Осылайша тактилді (жанасу) интерфейсі пайда болды. Дәлірегі, жұқа, икемді VoxeLite пластыры экранмен жанасқанда текстура мен рельефті, яғни, тегіс беттегі кедір-бұдырды сезінуше мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы зерттеуге жетекшілік еткен Силбия Тан есімді аспиранттың айтуынша, терімен сезіну сезімі негізгі сезімдердің бірінен саналса да оның әлі күнге цифрлы баламасы жасалмаған. Өздерінің жаңалығы бұл тараптағы алғашқы қадам болатынын жасырмады. VoxeLite резеңкесі шығыңқы тұстары бар пленка ретінде жұмыс істейді. Әрбір шығыңқы тұсы қандай да бір заттың немесе бұйымның тегіс бетімен өзара әрекеттесетін электрод пен өткізгіш сыртқы қабаттан тұрады. Пайдаланушы саусағымен экранды түрткенде құрылғы жекелеген нүктелердегі үйкелісті өзгертеді және тактилді сигнал қалыптастыра отырып, теріге жанасу сезімін дарытады. Мұндай схема адамның нақты объектілермен жанасқан кезде алатын кедір-бұдырлығын, тегістігін және басқа да сезімдерін елестетуге мүмкіндік береді. Шығыңқы жерлер арасындағы қашықтық миллиметрден сәл асады – бұл арақашықтық адамның сезімталдығын қайталауға жеткілікті. Бірегей жоба авторларының бірі Дж.Эдуард Колгейт түсіндіріп өткендей, құрылғы әрбір шығыңқыда үйкеліс күшін басқарады, сонымен қатар, нақты және бақылауға келетін (сезінуге келетін) кері жауапты алуға мүмкіндік береді. Зерттеушілер сынақтар барысында VoxeLite құрылғысының мүмкіндіктері мен тиімділігін тексеріп көрді. Түрлі виртуалды текстураларды, өрнектер мен бағыттаушы сигналдарды - жоғары, төмен және сағат тілімен жылжытып анықтай алған. Орташа дәлдік 87% -ға жеткен. Әзірлеушілердің айтуынша, технология көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған тактилді кеңестерді алуға, AR және VR басқаруға, автокөлік интерфейстерінде навигацияда, интернет-дүкендердегі тауарлардың виртуалды үлгілерін сезінуге, тіпті интерактивті мұражайлық экспозицияларды тамашалау сияқты бірнеше салаларда қолдануға мүмкіндік береді.

VoxeLite could add texture to touchscreens without interfering with real-world tasks. Credit: Sylvia Tan/Northwestern University

0 пікір
Мұрағат