Шынайы араға ұқсайтын робот жәндік жасалды (видео)
Шынайы араға ұқсайтын робот жәндік жасалды (видео)
1 жыл бұрын 1709 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Инженерлер шынайы жәндік секілді қозғалып, бағытын өзгерте алатын робот ара жасады. Бұл жайында islam.kz порталы studyfinds.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оны жаһандық жылынуға әрі антропогендік факторға байланысты жойылу қатері төнген шынайы араны алмастырып, азық-түлік қауіпсіздігінде маңызы зор өсімдікті тозаңдандыру үшін пайдалануға болады. Сондай-ақ, оны төтенше жағдай (мысалы, зілзала, т.б.) орын алған тар жерлерде іздестіру және құтқару операцияларында, биологиялық зерттеулерде, қоршаған орта мониторингісінде пайдалануға болады. Бұл тараптағы зерттеуде ең үлкен қиындықтардың бірі - жәндіктердің ұшып кетуіне және қонуына көмектесу үшін қажетті бақылау құралдарын жасау болды. Шын мәнінде, инженерлерге мидың ұқсас баламасын жасау керек болады. Салмағы 95 миллиграмм, қанаты 33 миллиметр болатын ара салмағы шамамен 10 миллиграмм болатын нағыз аралардан үлкенірек. Сонымен қатар, робот  жәндік бір уақытта бес минуттай ғана автономды түрде ұша алады.

0 пікір
Мұрағат