Шығыс медицинасы әлемдегі ең үлкен қылмыстық бизнеске жатады
|
Шығыс медицинасы контрабандасы әлемдегі ең үлкен қылмыстық бизнеске айналды.
Stan.kz порталының Рейтер ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бірінші орында Шығыс елдерінде, яғни Қытай және Таиландта жасалған жасалған дәрі-дәрмектер тұр. Кәсіби дәрігерлер олардың пайдасы мен тиімділін жоққа шығарады. Еуроодақтың кеден органдары тәркілеген табиғи тауарлардың 42 пайызын осы дәрілер құрайды екен. БҰҰ-ның есебі бойынша, заңсыз дәрі-дәрмек саудасының көлемі 3,4 миллиард доллар. АҚШ-та бұл заңсыз кәсіп түрі үшінші орында тұр.
“Тәркіленетін емдік дәрі-дәрмектер қатарына Азиядан келетін препараттар да қосылды. Олар сан алуан. Денсаулыққа қажеттілері, бұлшық ет өсіруге арналғандары және басқа да түрлері көп”, – дейді Ұлыбритания шекара қызметінің офицері Иэн Соува.