Шүмектен су ішуге қарағанда шөлмектен су ішудің қоршаған ортаға әсері 1400 есеге артық
Шүмектен су ішуге қарағанда шөлмектен су ішудің қоршаған ортаға әсері 1400 есеге артық
3 жыл бұрын 1762 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Шүмектегі су дәмсіз әрі әрдайым қауіпсіз бола бермейді. Десе де ғалымдар су құйылатын шөлмектен қоршаған ортаға келетін, дәлірегі, экологиялық жүйе мен табиғи ресурсқа әсері орасан зор екенін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы  аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science of the Total Environment мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Барселониядағы ғаламдық денсаулық сақтау институтының (ISGlobal) ғалымдары есептегендей, Барселония тұрғындарының бәрі тек шөлмектегі суды ішкенде бұл жайт ресурсқа кететін шығында 3500 есеге, яғни, жылына 83 900 000 долларға) арттырады. The Guardian ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, бір ғана АҚШ-тың өзінде пластик шөлмек өндірісіне жыл сайын 17 млн мұнай баррелі қажет болатын көрінеді.

0 пікір
Мұрағат