Шоңғар ауылының тұрғындары көршісімен мақтанады (видео)
|
Түркиядағы Шоңғар ауылының тұрғындары үйінің айналасын жасыл желекке айналдырған көршісін мақтан етеді әрі онымен мақтанады. Бұл жайында islam.kz порталы newsturk ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алыстан көз салғанда жасыл желектен үйі көрінбейтін бұл аймақ шағын тоғайға ұқсайды. Осыдан табаны күректей он жыл бұрын үй иесі дуал түбінен жағалай терек көшеттерін отырғызған еді. Бүгінде көкке ұмсынған бұл теректер бағзыдағы алынбас қамалды еске түсіреді. Бұл жасыл желектің аумағын тек құс ұшатын биіктен ғана бағалай аласыз: биіктігі 25 метрге жететін теректер ортасындағы үй ойыншық секілді көрінеді. Сол ауылдың Мемдық Бойнықыс есімді тұрғынының сөзіне қарағанда, қожайынның өзі қазіргі уақытта отбасымен Германияда тұрып жатыр. Анда-санда келіп, демалады.