Шатырда атшаптырым оражерея салынды (видео) 100 метр биіктікте жүзім өсіріледі (видео)
Шатырда атшаптырым оражерея салынды (видео) 100 метр биіктікте жүзім өсіріледі (видео)
4 жыл бұрын 3828 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Канаданың Монреал қаласында шатырға әлемдегі ең үлкен оранжерея салынды. Онда экологиялық жағынан таза жеміс-жидек пен көкөніс өсіріледі. Аталмыш оранжереяны Lufa Farms компаниясы салды. Бұл осымен төртінші оранжерея аталмыш компания салған. Оранжерея толық автоматтандырылған әрі жауын суын жинап, пайдалануға негізделген су жүйесіне жабдықталған. Оранжереядағы су жүйесі әдеттегі фермаға қарағанда суды 90 пайызға дейін үнемдей алады. Жеміс-жидек пен көкөніс кокос талшығымен байытылған гидропонды ортада өсіріледі әрі қандай да бір химиялық тыңайтқыш – пестицид пайдаланылмай табиғи жолмен тозаңдандырылады. Сона мен өзге жәндіктердің көмегімен. Мұндай оранжерея су ресурсын үнемдеуге мүмкіндік беріп қоймай, қандай да бір жұқпалы індет кезінде оқшауланған қала халқына өз-өзін азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тиімді кешен. Аталмыш компанияның бұл бастамасын үлгі еткен өзге компаниялар да оранерея салып жатыр: Нью-Йорк, Чикаго, Париж секілді ірі мегаполистерді атадмыш жоба қолға алынып жатыр.

100 метр биіктікте жүзім өсіріледі (видео)

Токио қаласындағы Акасака ауданындағы мұнара шатырында кехо сортына жататын үзім өсірілуде. 100 метр биіктікте жүзімнің өсіріліп келе жатқанына биыл табаны күректей 20 жыл толады екен. Биыл жауын-шашынның аз түсуінен әрі аптап ыстықтың орнауына байланысты аз өнім берді жылдағыдан қарағанда – 60 түп жүзім ғана жиналды.

0 пікір
Мұрағат