Шариғи жолмен сойылған мал етінің бір артықшылығы...
Шариғи жолмен сойылған мал етінің бір артықшылығы...
4 жыл бұрын 4766 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Шариғат талаптарына сай сойылатын, яғни, бордақыланған малдың жеміне қолдан семіртуге арналған түрлі химиялық қоспалар мен гормондар және антибиотик араластырылмайды. Бұдан бөлек, сойылған малдың қаны түгел ағызылады. Бұл қан арқылы жұғатын инфекциялық аурулардың алдын алуға көмектеседі. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі мәлім етеді. Алайда, ең басты артықшылығы шариғи жолмен сойылған малдың еті дәмді келеді, яғни, сапасы жоғары болады. Бұған  малды союға қатысты ислами талаптарды сақтаған жағдайда қол жеткізуге болады: яғни, малды бауыздар алдында пышақты қайрау және пышақты жалаңдатпау, яғни, бауыздалатын малға көрсетпеу – бұл малдың үрейленбеуіне әрі жантәсілім етер кезде қиналмай өлуіне көмектеседі, яғни, үрейге бой алдырған әрі қиналып жантәсілім еткен мал стреске түседі; екіншіден, малды сояр алдында ұрып-соқпай, тек қақпайлау немесе қайыру керек, бірақ, ұрып-соуға тыйым салынған. Стресс кезінде гликоген (гликогеннің анықтамасы төменде берілген) төмендеп кетеді де сүт қышқылының мөлшерін кемітеді. Нәтижесінде сойылған малдың еті қатты болады әрі хош иісінен айырылады, сондай-ақ, ондай ет тез бұзылады, тез иістенеді. Ал сүт қышқылы етті балғын күйінде ұзағырақ сақтауға көмектеседі.

Ескерту: бұл деректер интернеттен алынды – ред.

Уикипедия электронды анықтамадан: Гликоген — глюкоза қалдықтарынан құралған, адам мен жануарлар организмі мүшелері мен ұлпаларында қорға жиналатын күрделі көмірсу (полисахарид). Гликоген негізінен бұлшықет талшықтары мен бауыр жасушалары (гепатоциттер) цитоплазмасында дән (түйіршік) түрінде жинақталады. Организмдегі глюкоза мөлшерінің азаюына байланысты арнайы ферменттердің әсерінен гликоген глюкозаға ыдырап, қанға өтеді. Организмдегі гликогеннің түзілуі мен ыдырау процестерін жүйке жүйесі және тиісті гормондар реттеп отырады.Гликоген-глюкозаның жүздеген молекуласынан құралған полисахаридтер.[1]

0 пікір
Мұрағат