Шариғат жолымен-ақ бизнесін өркендетіп отыр
Шариғат жолымен-ақ бизнесін өркендетіп отыр
7 жыл бұрын 4937 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Фирас Киттани мен оның інісі колледже оқып жүріп, сауда орталығында үйге арналған жұмсақ сүйретпе сататын киоск ашқан болатын. Тегі палестиналық Фирас Киттани Канзас қаласында биомедицина факультетінде білім алып, артынан бизнеске басы бүтін ден қояды. Саудасы жүріп, Силикон жазығының тасы өрге домалаған бизнесменге айналады. Нақтырақ айтқанда, ұйықтауға арналған жоғары технологиялы төсенішті шығаратын әрі сататын Amerisleep компаниясының білдей қожайыны. Аталған төсенішті жасауда соңғы ғылыми жетістіктер пайдаланылды. Айта кетейік, ағайындылардың бизнесі әу бастан пайда түсірген бизнес болатын. Өйткені, ағайынды кәсіпкерлер әу бастан бизнесін шариғат талаптарын ескеріп, жүргізген болатын. "Америкалық мұсылман бола тұра табысты бизнес жүргізу - нағыз сәттілік",- деген оның сөзін Business Insider ақпарат көзі келтірген екен. Қатаң бәсекелестік жағдайында шариғат талаптарынан аттамай кәсібін дөңгелету екінің бірінің қолынан келе бермейді. Тұтынушыларға сапалы тауар ұсын, салығыңды дер уақытында төле, ең бастысы, шариғат талаптарын жадыңнан шығарма - міне, бұлар басты өлшеміңе айналуы тиіс. "Мен былайғы жұрттың ислам құндылықтарының шынайы мәнін түбегейлі түсінбейтінін аңғардым. Мұсылман атыма кір келтірмей бизнесімді жүргізе отырып, адамдарға өзімнің діни түсінігімді кәсіби тұрғыдан жеткізуге тиіспін",- деді ол. 

0 пікір
Мұрағат