Тынық мұхитында орналасқан жапондықтарға тиесілі Минамоторисима шағын аралы әлемдік экономикалық жағдайды өзгертуі мүмкін. Ғалымдар аралдың қоқысқа батып кеткенін айтты. Болжам бойынша, бұл аралдағы шіріп кеткен қалдықтың салмағы – 16 млн тонна, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі СNN басылымына сілтеме жасап.
Шағын жапон аралындағы қоқыс әлемдік экономикаға әсер етуі мүмкін
|
Шағын аралдағы қоқыстың құрамын зерттеген ғалымдар оның пайдасы зор дейді. Жартылай сарқылмас жер минералдарының қоры жоғарғы технология құралдарына пайдаланылады. Мәселен, смартфон, зымыран жүйесі, радиолокациялық құрылғылар мен гибридті көлік жүйесі бұл тізімге енеді.
Суретте көрсетілген иттрия металы осы аралдағы қоқыстың арасынан анықталған. Ол фотоаппарат объективі, жоғарғы өткізгіштер мен мобильді құрылғылар экранын жасап шығару үшін қолайлы.
Жапон зерттеушілері жариялаған жаңа мақала бойынша, тереңге тамыр жайған қоқыс Жапония жағалауынан 1200 км жерде орналасқан шағын аралдан анықталды. 16 млн тонна материалдың құрамында 780 жылға жарамды иттрия, 620 жылдық европия, 420 жылдық тербия және 730 жылдық диспрозия металының бай қоры бар. Сирек кездесетіндіктен, оларға деген сұраныстың жоғары болатыны даусыз дейді зерттеушілер.
АҚШ геологиялық қызметінің хабарлауынша (USGS), сирек кездесетін элементтердің жер бетінде қоры өте аз және олардың бірнеше ғана көзі бар. «Сирек кездесетін металдардың тапшылығы немесе жойылуы америкалық қоғамда маңызды рөл атқаратын көптеген технологиялық аспектіге кері әсер етеді» деді ұйым.
Жерде сирек кездесетін минералдарға қатысты Қытай қатаң бақылау орнатқан. 2015 жылғы мәлімет бойынша, қытайлық ғалымдар аталған минералдардың 95 пайызын өз бақылауларына алған. Сондықтан Жапония Қытайдың басты серіктесі болатынына сенімді.
Минамиторисима аралы бірнеше мың миль жерде орналасқанымен, Жапония астанасы Токионың құрамдас бөлігі болып табылады.