Семіздікпен күресудің ең жылдам тәсілі анықталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы New Scientist-ке сілтеме жасап lenta.ru жазады.
Семіздікпен күресудің ең жылдам тәсілі анықталды
|
АҚШ-та ғалымдар адамның тәбетін қашырып, артық маймен күресудің, сондай-ақ диабеттің қауіпін азайтатын дәрі ойлап тапты.
Препараттың құрамында семіздікке қарсы әсер ететін GDF15 ақуыз бар екен. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ол жануарлардың, сондай-ақ адамның дене салмағын реттеп отырады.
Мамандар маймылдарға зерттеу жүргізіп, дәрінің әсеріне бақылау жүргізген. Сонымен қатар, олар кеміргіштерге жүргізген зерттеудің нәтижесінде препарат ағзадағы майдың еруін жылдамтататынына да көз жеткізген. Бірақ, GDF15 қанның құрамына енгенде, тез еріп кетеді екен. Сол себепті зерттеушілер ақуызға GDF15 қызметін ұзартатын антидене қосқан.
Семіз маймылдарға жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, дәріден кейін жануарлар азық-түлікті әдеттегіден 40 пайызға аз жеген. Препаратты апта сайын қолданған кезде 42 күннің ішінде дененің салмағы 10 пайызға азаяды.
Сондай-ақ, дәрінің әсерінен диабетпен ауыру қауіпі төмендеген.