Семіздік рейтингісі: 2018 жылдың қорытындысы бойынша артық салмақтан зардап шегуден алдыңғы орынға шыққан ұлттар
Семіздік рейтингісі: 2018 жылдың қорытындысы бойынша артық салмақтан зардап шегуден  алдыңғы орынға шыққан ұлттар
6 жыл бұрын 3302 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар анықтағандай, биыл әлемдегі семіздік індетінен қатты зардап шеккен ұлт тек америкалықтармен шектеліп қалмайды екен, олардың қатарында Тынық мұхитындағы арал тұрғындары да бар. 

АҚШ-тағы семіздік індетінің түбі аузынан ақ май аққан молшылық пен тоқшылықта жатыр: америкалықтар асты өздері дайындағаннан гөрі тапсырыспен алдыра салғанды қолай көретін болып шықты. Бұл артық салмақ қосуына басты себептердің біріне айналған. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, америкалықтардың дені фаст-фудты азық етеді. Тез дайындалатын тағамдар америкалықтардың тамақтану мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналды десе де болады. Екіншіден, трансмайлар болып отыр. 

Маорилер

Кука аралын мекендейтін маорилер де артық салмақтан зардап шегетін ұлттар арасында көш бастап тұр. Ас та төк молшылық пен саламатты өмір салтын ұстанбауы маорилерді әлемдегі ең семіз ұлттардың біріне айналдырған. Ғалымдардың айтуынша, Кука аралының байырғы тұрғындарының ата-бабасынан бері артық салмақтан зардап шегетіндер қарасы көп. 

Палаулықтар

Аралда байырғы халықпен бірге филиппиндіктер де кездеседі. Климаттың жайлылығы, жеміс-жидіктің молдығы, балық шаруашылығының дамуы ел тұрғындарының семіздік індетіне шалдығуының негізгі себептері болып отыр. Ғалымдардың айтуынша, бұл халықтың арасында да ата-бабасынан артық салмақтан зардап шегетіндер қарасы көп.

Ниуэндіктер

Ниуэ аралының тұрғындары да семіздіктен құтылмаған. Олардың да саламатты өмір салтын ұстанбауы, климаттың жайлылығы, жеміс-жидектің молдығы семіздік індетінің етек алуына түрткі болған. Десе де семіздікпен бірге келетін сусамыр, т.б аурулардан ада халық. 

Тонгалықтар

Тонгалықтар — Тынық мұхитындағы аралдардың бірі. Олар әлемдегі ең семіз ұлттардың қатарынан көрінетін халық. Толықтық олардың тұқымында ғана кездеспейді , сонымен қатар, өмір сүру салты да семіздікке итермелейді. 

0 пікір
Мұрағат