Семіздік індетінің тағы бір себебі айтылды
Семіздік індетінің тағы бір себебі айтылды
11 ай бұрын 1145 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Елена Островская есімді ресейлік эндокринолог дәрігер әрі диетологтың айтуынша, семіздік індетіне урбанизация, дәлірегі, мегаполистердегі қарбалас өмір салты себеп болып отырғанын жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталы moslenta ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, ірі қала тұрғындарының биологиялық ырғақтары бұзылған. Олардың дені үйіне кешкі ондар шамасында жетеді. Жолда қоғамдық көлікті күту, кептеліс, т.б. факторларға байланысты уақытылы ауқаттана алмайды, жай жатады, ішкен-жегені бойына дұрыс сіңбейді, ауыр қорытылады. Таңертеңгісін жұмыстан кешікпеуі үшін таңғы асын ішпейді. Білікті маманның сөзіне қарағанда, бұл айтылғандардан бөлек, көше шамдарының жарығы да қараңғыда дұрыс ұйықтауға мүмкіндік бермейді, бұл жайт өз кезегінде мелатониннің жеткілікті деңгейде бөлінуіне кері әсерін тигізеді. Адамдар шаршап оянады, организм күні бойы жағымсыз әсерден арыла алмайды, т.б.

Ұқсас материалдар:

«Семіздік індетінің құпиясы айтылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/semizdik-indetinin-qupiyasy-aityldy-19670/#gsc.tab=0);

"Семіздік індетінің тағы бір себебі белгілі болды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/semizdik-indetinin-tagy-bir-sebebi-belgili-boldy-13342/#gsc.tab=0);

"Артық салмақ қосудың жасырын себебі" (https://islam.kz/kk/news/arturli/artyq-salmaq-qosudyn-jasyryn-sebebi-17184/#gsc.tab=0);

"Адамның аз уақыт ішінде артық салмақ жинауының бес себебі айталды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-az-uaqyt-ishinde-artyq-salmaq-jinauynyn-bes-sebebi-aitaldy-14827/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат