Семірген адамдардың қайта арықтауы қиын
|
Артық салмақ қосқан адамдардың көпшілігі диета және спортпен шұғылданған күннің өзінде қайтаарықтай алмайды екен. Бостонда өткен эндокринологтар ұйымының кездесуінде семіздіккебайланысты арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар осындай тоқтамға келгенін баяндады. Десе де оның жолын барынша табуға тырысқандықтары туралы да айта кетті.
- Артық салмақ қосу – денсаулық саласындағы басты мәселелердің бірі. Мұны қолға алуымыз керек. АҚШ-та үш адамның екеуі семіздік дертіне шалдыққан деп айтуға болады. Ал арықтау оңай емес, себебі семіргенадамдардың көпшілігі диета және спортпен шұғылданған күннің өзінде қайта салмақ тастауы қиын, әрі денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Десе де біз арнайы зерттеу негізінде арықтаудың жолын барынша зерттеп шықтық, - деді зерттеу тобының басшысы Джоан Хуан.
Ғалымдар 177 343 адамға зерттеу жүргізген. Алты айдан кейін арықтау нәтижесіне қарай адамдарды төрт топқа бөлген. Бірінші топқа 5 %-ға ғана арықтаған адамдар топтастырылған. Оларды «тұрақты» топ деп атаған. Зерттеу кезінде олар көп салмақ тастамаған. Екінші топқа 5 пен 10 % аралығында арықтаған адамдар енген. Үшінші топқа 10-15 %, төртінші топқа 15 %-дан жоғары арықтағандар топтастырылған.
Алғашқы алты айда салмақ тастағандар кейін де арықтай түскен. Ал салмақ тастай алмағандар сол қалпында қалған. Яғни, бірінші топты қоспағанда, екінші топтағы зерттеуге қатысушылардың 23,1 %-дан 2 %-ы ғана алты айдан кейін арықтай алған. Ал алғашқы алты айда айтарлықтай салмақ тастағандар кейін де арықтауын жалғастыра алған. Мәселен, екінші топтағы 14,1 % зерттеуге қатысушылардың 4,1 %-ы, бірінші топтағы 19,4 %-дан 11,1 %-ы артық салмақтарынан арылған.
- Семірген адамдардың қайта арықтауы қиын болғанмен, біз зерттеу нәтижесінде денсаулыққа зиян келтірмей салмақ тастауға болатынын зерттедік. Біздің зерттеу әлі жалғасып, келешекте керекке жарайтын болады, - деді топ басшысы.