Saudia әлемдегі алғашқы қажылардың денесін салқындататын ихрам әзірледі (видео)
Saudia әлемдегі алғашқы қажылардың денесін салқындататын ихрам әзірледі (видео)
3 сағат бұрын 81 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының Saudia ұлттық әуе компаниясы қажыларға арналған әлемдегі алғашқы инновациялық киім үлгісін жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы TheIslamicInformation ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қажыларға арналған, аптап ыстықтан қажуға жол бермейтін патенттелген жоғары технологиялы ихрамға The Coolest Ihram («Ең салқын ихрам») деген атау берілді. Айрықша ихрам Landor брендті компаниямен және brrr® салқындатушы мата жөніндегі мамандармен бірігіп тігілді. Ихрамның құрамында арнайы салқындатқыш минералдар бар. Денені салқындата отырып, терлегенде ылғалды шығарып, тез кебеді. Ауа райына байланысты мата тері температурасын Целсия бойынша 2 градусқа дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Техникалық материал UPF 50+ деңгейіндегі күннен қорғауды қамтамасыз етеді және бұл ретте ерлерге де, әйелдерге де шариғаттың ихрамға қоятын барлық талаптарына толық сәйкес келеді. Saudia вице-президенті Ысса Ақанбай қажыларға рухани саяхатын ойдағыдай өткізуіне қолайлы жағдай қалыптастыруүшін осындай бірегей жобаны қолға алғандарын жария етті. Салқындатқыш ихрам алғаш рет Дубайда өткен Arabian Travel Market 2025 туристік көрмесінде жұртшылық назарына ұсынылды: Саудияның діни туризм саласындағы инновациялық бағытын танытып, позициясын нығайтты.

 

 

0 пікір
Мұрағат