Сауд Арабиясы World Expo меймандары үшін мыңдаған әуе таксиіне тапсырыс береді (видео)
Сауд Арабиясы World Expo меймандары үшін мыңдаған әуе таксиіне тапсырыс береді (видео)
4 ай бұрын 577 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Үстіміздегі жылдың ақпан айында футуристік eCopter электрлік әуе такси концепциясын әлем қауымдастығына таныстырған австриялық FlyNow стартапы жақында Сауд Арабиясының билігінен 2030 жылы ел астанасы - Ер-Рияд қаласында өтуі тиіс Дүниежүзілік көрмеге келушілерді тасымалдайтын мыңдаған қос роторлы тікұшақтарға тапсырыс алды. Бұл жайында islam.kz порталы naked-science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Екі адамға шақталға тікұшақ капсуласының ұшу қашықтығы 50 шақырымнан аспайды, ал мейлінше жылдамдығы сағатына 130 шақырыммен шектеледі, ал жүк көтеру қабілеті 200 келіні құрайды. Әуе такси автоматты пилоттық жүйеге ие болады, оның көмегімен құрылғы ең қолайлы бағытты өз бетінше құрастырып, кедергілерді айналып өтуге мүмкіндік алады.

0 пікір
Мұрағат