Сарбаздар отқа жанбайтын, жәндіктің шағуынан қорғайтын униформа киеді
Сарбаздар отқа жанбайтын, жәндіктің шағуынан қорғайтын униформа киеді
4 жыл бұрын 3725 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ қарулы күштері отқа жанбайтын әрі жәндік шаға алмайтын (тісі мен инесі батпайтын) әскер униформаға тапсырыс берді. Массачусет университетінің ғалымдары аталған талаптарға сай материал жасап қойды. Бұл материал улы емес химикаттармен өңделген нейлон-мақта аралас қоспадан жасалды. Жартысы нейлоннан, ал қалған жартысы мақтадан тұратын (50/50) мата көпке дейін тозбайды, киюге қолайлы әрі арзан. Отқа төзімді ету үшін материал дәнне, жаңғақтан алынған фитиндік қышқылмен өңделді. Бұл бағытта тер төккен ғалымдар аталмыш қосындының мақта бөлігіне айрықша ден қойған еді: мақтаның беткі жағы қол жеткізуге оңай химикаттармен белсендіруге болатын гидроксилмен өңделген. Бұл гидроксилге матаның отқа төзімділігін арттыратын фосформен оңай араласуына мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, мата табиғи репелленттің – хризантем экстрасының синтетикалық баламасы болып табылатын перметринмен өңделді. Аталған зат мата талшығына плазмалық жолмен қондырылды. Сынақ пен тексеру нәтижесі көрсеткендей, нейлон-мақта қосындысының отқа төзімділігі 20%-ға артқан, ал жәндіктерді үркіту тиімділігі 98%-ға жеткен еді. Мата түрлі өңдеуден өтсе де, мақта мен нейрон қосындысынан жасалса да ауа өткізетін қасиетін жоғалтқан жоқ. Бұл ерекшелік өз кезегінде ұдайы қимыл-қозғалыс үстінде болатын сарбаздардың денесінің ыстықтан қорғауға көмегін тигізеді. Ендігі кезекте материалдың микробқа қарсы қасиетін қалыптастыру бағытында жұмыс істейтін болады.

Ткань для Армии США

0 пікір
Мұрағат