|
Сарапшылар: 2030 жылға қарай 57 мамандық жойылады
|
Мамандықты дұрыс таңдамағандықтан еліміздегі университет түлектерінің жартысынан көбі жұмыссыз жүр. Бұл туралы baq.kz ақпарат көзі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Сарапшылар 2030 жылға қарай елімізде 57 мамандық түбегейлі жойылып, оның орнын 180 мамандық басатынын айтуда. Демек студенттердің жұмыс таңдау аясы кеңейе түспек.
Уақыт ағыны әр бес жыл сайын қатарға жаңа мамандықтар қосылып жатқанын көрсетеді. Болжам бойынша, 2020 жылға қарай технологиялардың дамуы себепті жаһанда 5 миллион жұмыс орны жабылады. 2030 жылға қарай 800 миллион жұмыс орнын құлтемірлер алмастырады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)