Сарапшы криптовалютаның болашағын болжады
Сарапшы криптовалютаның болашағын болжады
2 жыл бұрын 1089 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Benoit Tessier / Reuters

Илья Русяев есімді ресейлік криптовалюта сарапшысы криптовалюта мен блокчейн технологияларының ақша сияқты өміршең құбылыс екенін, ол ол ма, әлеуеті ақшадан жоғары екенін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылай деген ол криптовалютаға алаяқтықтық құралы ретінде қарамай, халықаралық есеп айырысудың тиімді құралы ретінде қарауға, яғни, бұл төңіректе қалыптасқан қасаң әрі жаңсақ түсініктен арылуға шақырды. Электронды ақшаның тағы бір артықшылығы – қаржыны жинаудың, капиталды тартудың жаһандық орталықтандыру жүйесінен бас тартуға әрі осылайша ғаламдық қаржы дағдарысының қатерін төмендетуге болады. Мәселен, қандай да бір елге экономикалық шектеу қойылса немесе санкция салынса, шетелдік банктегі қаржыны бұғаттағандай блокчейн технологиясын бұғаттай алмайды. Криптовалюта бағамы бір түсіп, бір көтеріліп отыруынан да қорықпау керек, өйткені, бұл заңды құбылыс. Түбінде криптовалютаны кеңінен пайдалануға жол ашылады. Осылайша электронды ақшаның әлеуметтік маңызы артпақ. Жаңалыққа немесе жаңа нәрсеге адамдардың үрке қарауы да қалыпты құбылыс. «Бүгінгі таңда криптовалюта шоттар мен транзакцияларды бұғаттаудан қорықпай, трансшекаралық аударымдарды жасауға мүмкіндік беретін дерлік жалғыз құрал. Адамдар тауарлар мен қызметтер үшін өзара есеп айырысу қажеттілігі жоғалмайынша және өз активтеріне иелік ету қажеттілігі жоғалмайынша, криптовалютаның өміршеңдігі тоқтамайды», - деді сарапшы сөзінің соңында.

Ұқсас материал:

«Криптовалюта нарығын не күтіп тұр» (https://islam.kz/kk/news/alem/kriptovalyuta-narygyn-ne-kutip-tur-11173/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат