Сарапшы интернеттегі аңдудан қорғанудың қарапайым тәсілдерін айтты
Сарапшы интернеттегі аңдудан қорғанудың қарапайым тәсілдерін айтты
3 жыл бұрын 1987 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бүгінде адамды компьютерсіз немесе смартфонсыз елестету қиын. Алайда, олардың барлығы, қаласақ та, қаламасақ та, тың тыңдау, аңду, қадағалау құралдары екенін алға тартады сарапшылар. Интернеттегі аңдудан біржола құтылу мүмкін бе? Бұған сарапшылардың өздері жауап беруге қиналады. Дегенмен аңдуды барынша азайту жолдарын барын айта кету керек. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта Калифорниядағы міне-құлық және технология институтының бетке ұстар психологы, әлемге әйгілі Гарвард университетінің ғылым докторы Роберт Эпштейннің интернеттегі аңдудан қорғану тәсілін назарларыңызға ұсынбақпыз. Профессор Android смартфондарынан бас тартуға шақырды, өйткені, опреациялық жүйесі пайдаланушының әрекеті туралы барлық деректі жинайды. Екіншіден, Gmail-дың орнына өзге пошталық сервисті пайдалануға кеңес беріп отыр, мәселен, құпиялықты қатаң сақтайтын, түп негізі Швейцариядан бастау алатын ProtonMail сервисін қолдануға болады. Үшіншіден, сарапшы барлық «ақылды» құрылғылардан бас тартуға үндеп отыр, өйткені, олар төңірегінде болып жатқан барлық нәрсені тіркеп отырады, тіпті, «ақылды» жүйе өшірулі болса да. Бұл айтылғандардын бөлек, Роберт Эпштейн ақпаратты Google жүйесінен іздемеуге кеңес береді, оның орнына пайдаланушылардың мәліметін жинамайтын StartPage.com іздеу жүйесін пайдалануға болады. Осындай пікірін Chrome браузеріне де қатысты білдіріп отыр: ол, тіпті, «инкогнито» режимінде де пайдаланушыны аңди алады. Бұған қоса, сарапшы кэш пен cookie файлын күн сайын, тіпті, ерінбесең, күніне бірнеше мәрте тазалап тұруға кеңес берді. Сондай-ақ, интернеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін VPN-сервисін пайдалануға болатынын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат