Сайлауда дауыс беруге арналған машинаны бұзу мүмкін емес. Оның қалай жұмыс істейтінін қараңыз (видео)
Сайлауда дауыс беруге арналған машинаны бұзу мүмкін емес. Оның қалай жұмыс істейтінін қараңыз (видео)
2 жыл бұрын 1472 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Флорида университетінің информатика профессоры Хуан Гилберт мінсіз дауыс беру машинасын жасағанын мәлімдеді. Оны бұзу мүмкін емес. Бұл жайында islam.kz порталы interestingengineering.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша қандай да бір елдің болашағын айқындайтын саясаткерді анықтайтын аса маңызды саяси шарада дауыс ұрлауды немесе дауыс санын бұрмалауды болдырмайтын аппарат құрастырылды. Бұл ерекше құрылғының құрастырылуына табаны күректей 20 жыл кеткен. Ол сайлаушылар үшін сенсорлық интерфейс қызметін атқаратын мөлдір қораптан тұрады. Ішінде Prime III құрылғысының бағдарламалық құралына қосылған принтер бар. Ол сайлаушының таңдауын қағазға басып шығарады, ол дереу дауыстарды санау үшін сканерге жіберіледі. Мөлдір қапшық USB құрылғысы бұзу мақсатында қосылған болса, сайлаушының оны байқайтынына кепілдік береді. Компоненттердің кез келгенінің бағдарламалық құралын белгісіз код бөлігі зақымдауы мүмкін емес. Себебі, ол тек оқуға арналған форматта Blu-ray дискісінде сақталады және дауыс берілген сайын дауыс беретін машинаның өзі қайта жүктеледі. Үлкен мөлдір сенсорлық экраны ықтимал бұрмалаушылықты анықтауға мүмкіндік береді. Электрондық дауыс беру жүйесі АҚШ халқын екіге бөлді. Кейбіреулер оларды «сенімді», деп атайды, бұл мүгедектерге көмектесіп, жарамсыз бюллетендердің санын азайтады. Ал аталмыш құрылғыны сынаушылар оларды қолдануға бойкот жариялауға шақырды, өйткені, машиналар бұзылып, дауыс беру нәтижелерін кез келген кандидаттың немесе партияның пайдасына өзгертуі мүмкін. Undark есебінде дауыс беру машиналарын жасайтын компаниялардың бұл іске көмектеспей жатқаны айтылған. Мәселе мынада, олар технологияны қалай жұмыс істейтінін құпия сақтауды жөн көреді. Олар, сондай-ақ, деректерді зерттеушілермен немесе баспасөзбен бөлісуден бас тартады. Жаңа жүйе ашық бастапқы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жұмыс істейді

0 пікір
Мұрағат