Роботты адамша ойлануға үйретті (видео)
|

GTC 2025 көрмесінде Nvidia компаниясы Groot N1 жасанды зерденің жаңа моделін жұртшылық назаына ұсынды. Адамша жылдам және баяу ойлана алатын ерекшелігімен көзге түскен әмбебап рото техникасы адам миына тән конгнитивті процестерге ие. Бұл жайында islam.kz порталы techcrunch.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Groot N1 роботы 2024 жылы GTC шарасында көрсетілген Nvidia Groot (Project Groot) жобасының жалғасы. Бастапқыда ол өнеркәсіпте қолдану үшін құрастырылған болатын, алайда, кейіннен оның саласын гуманоид роботтарға да кеңейту туралы шешім қабылданды. Бұл робот баяу ойлау жүйесі арқылы алдымен айналасынын асықпай танып-біліп барып дұрыс әрекет ету үшін іс-әрекетін жоспарлап алады. Сонан соң іске кіріскеннен кейін жылдам ойлау жүйесіне көшеді – алдын ала жоспарлап алған әрекеттерін жүзеге асырады, соның ішінде заттармен бірте-бірте әрекеттеседі. Groot N1 ашық бастапқы кодқа ие және Newton қозғалтқышының базасында жұмыс істейді. Кейінірек Nvidia моделдеу платформаларын және синтетикалық оқыту деректерін жасауға арналған үлгілерді шығаруға уәде береді. Аталған компания басшысы Женсен Хуан әмбебап робототехника дәуірінің келгенін ресми түрде мәлімдеді.




