Роботтар бүкіл әлем бойынша қанша миллион қызметкерді жұмыссыз қалдырады
Роботтар бүкіл әлем бойынша қанша миллион қызметкерді жұмыссыз қалдырады
7 жыл бұрын 4529

Centre for Cities ғылыми-зерттеу институтының деректері бойынша, 2030 жылға қарай Ұлыбританиядағы әрбір бесінші жұмыс орнын (21%) роботтар басады. Еңбек нарығындағы осы өзгерістерден Англияның солтүстігіндегі тұрғындар ең көп зардап шегеді, деп жазған The Sun басылымы. Автоматтандыру клиенттер және олармен жұмыс істейтін адамдарға, қызметкерлер мен қойманың қызметкерлеріне қауіп төндіреді. Дегенмен, еңбек процестерін автоматтандыру мен роботизациялау нәтижесінде адамзат болжай алмайтын, бұрын болмаған жаңа мамандықтар пайда болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Капитал» басылымнына сілтеме жасап. 

Зерттеу барысында автоматтандыру және робототехника нәтижесі бойынша қазірдің өзінде бар мамандардың кем дегенде 10%-ына сұраныс ұлғаятын болады.

Баяндаманың авторлары адамдар қажетті дағдыларға және нарықтық талаптарға сай қабілетке ие болуы үшін, үкімет білім беру жүйесін түбегейлі реформалауы тиіс деп есептейді. Сондай-ақ, қазірдің өзінде ересектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетсіз болып қалмауы үшін, қайта даярлау бағдарламалардың да маңызы зор, деп жазды ВВС.

Егер Британия үшін 2030 жылға қарай роботизацияның келуімен жұмыс орындардың жоғалуы орташа 21% болса, Лондонда бұл көрсеткіш шамамен 16%-ды құрайды. Елдегі ең қауіпсіз орындар - Оксфорд және Кембридж (13%), содан кейін Редингте (15%) деп көрсетілген.

Ал, ең ауыр жағдай Мансфилд, Сандерленд және Уэйкфилд (29%), Сток (28%) және Донкастер (27%) қалаларында деп болжам жасалып отыр.

0 пікір
Мұрағат