Роботқа салық салынуы мүмкін
Роботқа салық салынуы мүмкін
2 жыл бұрын 1766 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі  Microsoft корпорациясының бұрынғы бас директоры және бір кездері планетаның ең бай адамы атанған Билл Гейтс роботтарды пайдаланғандарға салық салуды жылдар бойы мәселе етіп көтеріп келеді. Оны басқа миллиардерлер де қолдады, енді оларға сенатор Берни Сандерс қосылып, өзін жұмысшы табының мүддесін қорғаушы ретінде көрсетті. Бұл жайында islam.kz порталы PLOS ONE мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сенатордың бұл бастамасы жасанды зерде технологиясының дамуына орай өз кезегінде соңғы жылдары қарқын алып келе жатқан өндірісті автоматтандыру мен роботтандыру процесіне байланысты күллі әлем бойынша миллиондаған адамның жұмыссыз қалуына байланысты көтеріліп отыр. Робот – тегін жұмыс күші болғандықтан жұмыс берушілер өндірісті автоматтандыруға мүдделі. Алайда, адам факторы тасада қалайын деп тұр. Роботты пайдаланғаны үшін салынатын салықтан түскен табыс жұмыссыз қалғандардың әлеуметтік мәселесін шешуге жұмсалуы тиіс.  «It’s OK To Be Angry About Capitalism» («Капитализмге наразылық білдіру қалыпты жағдай») деп аталатын кітап авторы Берни Сандерс экономиканың барлық саласында роботтар жұмысшыларды алмастыратын болса, салық саясатын қайта қарастыру керектігін алға тартып отыр. Бұдан бөлек, трансұлттық корпорациялардың пайдасын ғана күйттемей, жасанды зерде мен роботты қай салаға енгізуді әрі белгілі бір шекту қоюды ұсынып отыр. Сарапшылардың болжамы бойынша көп ұзамай роботтар үй шаруасының үштен бірінен көбісін атқаратын болады. Дәлірегі, 2023 жылы роботтар ақысы төленбейтін үй тірлігінің 39%-ын роботтар атқарады. Ересектер бүгінде таңда жұмыс пен оқу уақытының 43 пайызын үй шаруасына жұмсайды екен. Робот осылайша адамдардың қолын ұзартуда.

0 пікір
Мұрағат