Робот-хирург видеоға қарап-ақ ота жасауды үйренді (видео)
Робот-хирург видеоға қарап-ақ ота жасауды үйренді (видео)
1 ай бұрын 798 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Робот нақты отаны бейнежазбаға қарай отырып талдауға әрі хируртың машығын меңгеруге қабылетті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Жонс Хопкин университетінің баспасөз қызметіне жөн сілтеген hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Роботтың науқасқа ота жасауы таңсық емес, алайда, жүйені адам басқаратын. Бұл жолы робот өз бетінше, өз білгенінше, хирургтың дағды-машығын визуалды жолмен меңгнеру арқылы жасады. Жонс Хопкин университеті мен Стэнфорд жоғарғы оқу орнының ғалымдары жоғары дәлдікпен күрделі медициналық процедураларды орындай алатын хирургиялық робот дайындады. Бұған қол жеткізу үшін олар симуляциялық оқыту әдісін пайдаланды: робот нағыз хирургиялық операциялардың жүздеген бейнелерін көру арқылы үйренген әрекеттерді қайталады. Аталмыш жүйеде ChatGPT жүйесі сияқты машиналық оқыту архитектурасы пайдаланылды, дегенмен, тіл мен мәтіннің орнына ол хирургиялық манипулятордың қозғалысын бақылау үшін кинематика мен математикалық өрнектерді пайдаланады. Операция кезінде da Vinci роботының қолына орнатылған камералардан бейнені көргеннен кейін модел шеберлігі тәжірибелі әрі білікті дәрігерлерден кем түспейтін деңгейде хирургиялық процедураларды қайта орындады. Әзірлеушілердің пікірінше, робот нақты процедураларды — іс-әрекеттер тізбегін есте сақтаудан гөрі жекелеген қимыл-қозғалыстарды меңгеруге басымдық берген. Зерттеу авторлары бұл тәсіл хирургиялық роботтардың шынайы дербестігіне жол аша отырып, медициналық процедураның әрбір жеке қадамы үшін роботтарды мұқият бағдарламалау қажеттілігін жояды, деп пайымдайды. Олар енді кез келген операцияны орындауды тез үйрене алады, медициналық қателіктердің пайда болу қаупін төмендетеді және хирургиялық іс-шаралардың дәлдігін арттыра алады.

 

0 пікір
Мұрағат