Ресейлік СУ-57 және америкалық F-35 соңғы үлгідегі жойғыш ұшақтарын салыстырғанда...
|
Military Watch әскери басылым бесінші буынға жататын, яғни, соңғы үлгідегі ресейлік СУ-57 мен америкалық F-35 жойғыш ұшақтарының артықшылықтары мен кем-кетігін тізбелеп, өзара салыстырып талдау жасаған екен. Аталмыш ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, Lockheed Martin — маневр жасау қабілеті төмен болса да мейлінше жеңіл ұшақ. Ал ресейлік СУ-57-нің салмағы ауыр болғанымен әуеде соғысуға барынша қабілетті ұшақ. "Бұл оның (СУ-57 жойғыш ұшағын айтып отыр - ред.) ұшу жылдамдығынан, ұшу биіктігінен, зымырандармен жабдылықталуынан, алыстан жау нысанасын жоя алатындығынан, маневр жасай алатындығынан көрінеді",- деа айтылған мақалада. Осылай дей келе сарапшы АҚШ сенатының F-35 жойғыш ұшағын ресейлік С-400 "Триумф" зениттік зымыран кешенін сатып алу туралы келісім-шартына оотырғанына байланысты түріктердің сатып алуына қарсы шығып отыр. Түріктердің америкалық жойғыш ұшақтан гөрі ресейлік жойғыш ұшақты сатып алуға ниетті екенін бұрын да хабарлаған болатынбыз. Егер түріктер ресейліктерден аталған жойғыш ұшақты сатып алар болса, бұл Түркияның әуе қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әлдеқайда қабілетті осы заманғы әскер техникамен жабдықталатынын білдірмей ме.