Рентген сәулесінің сүйекке орасан зор әсері бары анықталды
Рентген сәулесінің сүйекке орасан зор әсері бары анықталды
1 жыл бұрын 1302 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Неміс ғалымдары рентген сәулесінің сүйекке орасан зор залал келтіретінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу барысында BESSY II аппаратын пайдаланып, балық, доңыз, ірі қара және тышқан сүйек үлгілеріне энергиясы жоғары рентген сәулесінің қалай әсер ететінін әрі қалай зақымдайтынын анықтады. Микроскопиялық әдістердің комбинациясы электрондардың әсерінен коллаген талшықтарының бұзылатынын көрсетті. BESSY II аппараты рентген сәулелерінің кең спектрін қалыптастырады, олар сәулелердің аралық диапазонында шоғырланған, бұл  жайт өз кезегінде сәуленің ең мықты құрылымдарға енуге, тіпті, материалдардағы химиялық және физикалық процестерді ашуға мүмкіндік береді. Жеңіл сәулелену сезімтал детекторлардың және басқа рентгендік синхротрондық құрылғыларға қарағанда түрлі сүйек үлгілерінде кездесетін минералды нанокристалдардағы сәуленің сіңірілуінен коллаген талшықтарының қалай зақымдалғанын көрсетіп бере алады. Рентген сәулелерінің жоғары энергиялы фотондары электронды реакциялар тізбегін іске қосады. Минералдағы кальций мен фосфордың иондануы сүйектегі коллаген сияқты ақуыздарды зақымдайды. Әсіресе, сәулелену неғұрлым ұзаққа созылса, соғұрлым зақымдайды, тіпті, аз уақытқа, алайда, жоғары қуатта сәулеленуге ұшыраса да сүйекті зақымдайды. Осы орайда бұрын рентген сәулесінің адам организіміне соншалықты кері әсер етпейді, деп есептеліп келген еді.

0 пікір
Мұрағат