Рельс үстінде қалықтайтын әлемдегі алғашқы пойыздың сынақтары сәтті өтті (видео)
Рельс үстінде қалықтайтын әлемдегі алғашқы пойыздың сынақтары сәтті өтті (видео)
1 жыл бұрын 1468 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Рельс үстінд «қалықтай» алатын, MagRail деп аталатын ерекше пойыз Полшаның Нова-Сажина елді-мекенінде сынақтан сәтті өтті. Бұл жайында islam.kz порталы Planet Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пойызды поляктардың Nevomo стаптапы құрастырды. Мұндай технологияның әлем бойынша алғашқы прототипі теміржолдан көтеріліп, жанаспай қозғала алады. Тырнақшаның ішінде емес, тура мағынасында айтып отырмыз. Ұшатын пойыз технологиясы Жапония мен Оңтүстік Кореяда қолданылатын магниттік левитация арқылы қозғалатын пойыздарға ұқсас. MagRail артықшылығы - ол кәдімгі теміржол жолында жұмыс істей алады, бұл ерекшелік өз кезегінде инфрақұрылымға кететін шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді. MagRail сағатына 500 шақырымға дейін жылдамдығын арттыра алады. Бұл артықшылық өз кезегінде замануи пойыздармен бәсекеде төтеп беруіне мүмкіндік бермек.

 

0 пікір
Мұрағат