Raytheon компаниясының RAIVEN оптикалық жүйесі ұшқыштың көру мүмкіндігін бес есе арттырады (видео)
Raytheon компаниясының RAIVEN оптикалық жүйесі ұшқыштың көру мүмкіндігін бес есе арттырады (видео)
2 жыл бұрын 1065 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың аса ірі қорғаныс мердігерлерінің бірінен саналатын Raytheon Technologies компаниясы әскери әуе күштерінің ұшқыштарына нақты уақыт аралығында ықтимал қауіпті мейлінше тез анықтауға мүмкіндік беретін RAIVEN электронды, оптикалық-интеллектуалды жүйені жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. RAIVEN – түрлі типтегі ұшақтар мен тікұшақтарға бейімделетін ашық модулдік жүйе. Ол ұқсас жүйелерден оптикалық спектрдің кең ауқымында сканерлеу мүмкіндігімен ерекшеленеді (бұл үшін электро-оптикалық / инфрақызыл EO / IR сенсоры жауап береді). Оның диапазоны мен кескіннің анықтығы әдеттегі оптикадан бес есе жақсы. Аталмыш кешен жасанды зерденің машиналық оқыту жүйесімен және лидармен үйлестірілген, яғни, ол жауды анықтап қана қоймай, жағдайды талдайды. Осының арқасында ұшақ / тікұшақ экипажы басқа мәселелерге - мысалы, автокөлікті басқаруға назар аудара алады.

0 пікір
Мұрағат