Рамазанда Құранды хатым етуді әдетке айналдырған екі президенттің бірі
Рамазанда Құранды хатым етуді әдетке айналдырған екі президенттің бірі
5 жыл бұрын 4766 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлеуметтік желіде Түркия президентінің қасиетті Құран оқып отырған сәті бейнеленген видео жарияланыпты. Ғаламтор пайдаланушысының түсіндірмесінде Режеп Тайып Ердоғанның он екі айда бір айналып соғатын Рамазанда қасиетті Құранды бастан-аяқ, толық оқып шығатыны турасындағы әдеті айтылған. «Мен Құран оқитын екі мемлекет басшысын ғана байқадым. Олар Түркия президенті мен Кувейт әміршісі»,- деп жазыпты астына Кувейт парламентінің бұрынғы депутаты Насыр Дувейли. Оның бұл жазбасына пікір білдіргендердің қарасы көп. Кейбірі Түркия басшысының бұл әрекетін мақтаныш тұтып, қолдау білдірсе, кейбіреулері оның бұл әрекетін сайлаушылардың сеніміне кіру үшін көзбояушылыққа балаған. 2018 жылдың сәуір айының соңында Өзбекстанға сапарында Түркия президенті марқұм Ислам Кәрімовтың рухына Құран бағыштаған еді. Төменде Режеп Тайып Ердоғанның өз аузымен қалай Құран оқитынын тамашалай аласыздар.

0 пікір
Мұрағат