Рамазан айының соңғы он күнін Сауд Арабиясында өткізгісі келетіндер алдын ала тіркелуі тиіс
Рамазан айының соңғы он күнін Сауд Арабиясында өткізгісі келетіндер алдын ала тіркелуі тиіс
2 сағат бұрын 44 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: pelajaran.co.id

Сауд Арабиясының ислам істері жөніндегі министрлігінің мағлұмдамалық өкімі (циркуляры) бойынша қасиетті Рамазан айында ел аумағындағы мешіттерде азан шақырылғанға дейін және қамат түсірілгенге дейін оқылып жатқан намазды сыртқа трансляциялауға шектеу қояды. Бұл жайында islam.kz порталы The Islamic Information ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, аталмыш министрлік ораза айында мешіттерге намазды трансляциялауға мүмкіндік беретін құралдарды, соның ішінде дауыс зорайтқышты пайдалануға тыйым салды. Бұдан бөлек, әр намаз уақыты кіргенде азан мен қаматтың арасындағы белгіленген мерзімнің де сақталуы талап етіледі. Ауызашар мешіт ауласында арнайы бөлінген орындарда болады. Рамазан айының соңғы он күнін мешітте өткізгісі келетіндер алдын ала тіркелуі міндетті. Тіркелмеген адамдардың мешітте тәулік бойы қалуына жол берілмейді. Ал Саудия тұрғыны емес шетел азаматтары I'tikaf қосымшасы арқылы тіркелмес бұрын өзінің демеушісінің келісімін алуы тиіс. 

0 пікір
Мұрағат