Радиация өткізбейтін кірпіш жасалды
Радиация өткізбейтін кірпіш жасалды
5 ай бұрын 640 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресейлік ғалымдар инновациялық құрылыс материалы – радиациядан тиімді қорғай алатын кірпіш жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл материал вьетнамдық қызыл саздан және Орал металлургия өнеркәсібінің қалдықтары негізінде жасалған. Экологиялық жағынан таза кірпіштен жасалған бұйымдардың қолданыстағы ұқсас түрлерімен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар. Ең алдымен, олар тез жиналатын құрылымдарда радиациядан сенімді қорғанысты қамтамасыз етеді,мұндай қорғаныс, әсіресе, радиациялық қауіпсіздік талаптары жоғары объектілерді салу кезінде, мысалы, атом электр станцияларында маңызды. Кірпіштің ерекше құрылымына байланысты оның салмағын салыстырмалы түрде жеңіл етеді. Бұл жайт оларды тасымалдауды айтарлықтай жеңілдетеді және құрылыс процесін жылдамдатады. Осының арқасында түрлі пішіндегі және өлшемдегі қорғаныс тосқауылдарын жасауға болады, осылайшы құрылыс жобаларында қолдануға кең мүмкіндіктер береді. Ең құндысы, кірпіш қайта пайдалануды (кәдеге жаратуды) ескере отырып жасалған.

0 пікір
Мұрағат